Политика конфиденциальности

«Alshaya Kazakhstan» (Алшая Казахстан) ЖШС Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сіздің жеке өміріңіздің құпиясын құрметтейді, Сіздің дербес деректеріңізді қорғайды және оларды өңдейді. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, біз Сізді жеке сәйкестендіретін немесе басқа тұлғаларға Өз келісіміңізсіз тікелей Сізбен хабарласуға мүмкіндік беретін ақпаратты ашпаймыз.

Осы арқылы еркін, өз еркіммен және өз мүддемде мен Қазақстан Республикасы, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 13, Нұрлы Тау БО, 1В корпус, 3 қабат, 301 кеңсе мекенжайы бойынша «Alshaya Kazakhstan» (Алшая Казахстан) ЖШС-ға (бұдан әрі – Қоғам) жинау, жазып алу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, тапсыру (тарату, ұсыну, қолжетімділік, трансшекаралық тапсыру), иесіздендіру, бұғаттау, жою, құртуларды қоса алғанда, осы сауалнамада көрсетілген менің дербес деректерімді-менің кәмелет жасқа толмаған баламның дербес деректерін автоматтандырылған және автоматтандыру құралдары пайдаланылмайтын өңдеуге беруге келісемін.

Сондай-ақ мен Қоғамның тапсырысымен менің дербес деректерімді/менің кәмелет жасқа толмаған баламның дербес деректерін Қоғамның тапсырысымен оларды өңдеуді іске асыру мақсатында, үшінші тұлғаларға беруге келісім беремін. Дербес деректерді өңдеу үшін Қоғам тарапынан тартылатын серіктестер туралы өзекті ақпаратты www.starbucks.com.kz сайтынан білуге болады.

Осы арқылы мен электрлік байланыс желілерімен және пошта байланысымен (SMS-таратылымдарды, e-mail-таратылымдарды, пошта таратылымдарын қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей) мен үшін ерекше қызығушылық тудыра алатын Қоғамның тауарлары мен қызметтері туралы ақпарат алуға келісім беремін.

Дербес деректерді өңдеу сатуды, клиенттердің негізгі қалаулары мен қажеттіліктерін талдау, ақпараттық хабарламалар жолдау, нарықты дамыту мен кеңейту, тауарлар мен қызметтерді ұсыну; ұсынылатын қызметтер мен қызмет көрсетулердің сапасын жақсарту, адалдық бағдарламаларына, акцияларға, лотореяларға қатысу мүмкіндікерін қамтамасыз ету, маркетингілік зерттеулер жүргізу, шағымдар мен өтініштерге жауап беру мақсатында іске асырылады.

Осы келісім оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді, менің Қоғамға жазбаша өтініш жолдауым арқылы оны кері шақырып алғанға дейін әрекет етеді.