КомпанияStarbucks Middle East туралы деректер

Америкалық тамырына қарамастан, Starbucks - халықаралық компания. Бүгінде біз әлемнің 86 елінде жұмыс істейміз, оның ішінде Таяу Шығыс пен Солтүстік Африканың 11 елінде 1900-ден астам сауда нүктесі бар. Бұл аймақтарда 19 000-нан астам партнерымыз (қызметкеріміз) жасыл алжапқыштар киіп, қонақтарға қызмет көрсетеді. Біз қызмет ететін әр елдің қоғамдық өміріне белсенді қатысамыз: жергілікті бизнес-серіктестерімізбен бірлесе жұмыс істейміз, мыңдаған адамды жұмыспен қамтамасыз етеміз, миллиондаған қонақтарға қызмет көрсетеміз және қоғамға оң әсер етуге тырысамыз - өз дүкендеріміз орналасқан аудандар мен қалалардың әл-ауқатын қолдаймыз.

Бүкіл әлем бойынша біздің 400 мыңнан астам партнерларымыз бар. Олар түрлі көзқарас ұстануы мүмкін, бірақ осы айырмашылықтарға қарамастан, Starbucks компаниясы әрдайым саясаттан тыс болды және солай болып қала береді. Starbucks те, бұрынғы директорлар кеңесінің төрағасы, президент және бас директор Говард Шульц те Израиль үкіметіне немесе Израиль армиясына ешқандай қаржылай қолдау көрсетпейді.

Біз өз ұстанымдарымызға адалмыз және басты мақсатымыздан айнымаймыз: партнерларымызбен және қонақтарымызбен жоғары сапалы кофе арқылы байланыс орнату және оларға әлемнің қай нүктесінде болмасын жағымды тәжірибе сыйлау.
Сұрақтар мен жауаптар:

  • Жоқ. Бұл мүлде шындыққа жанаспайды. Starbucks немесе Говард Шульц Израиль үкіметін немесе армиясын қаржыландырады деген сыбыстардың ешқандай негізі жоқ. Starbucks — жария компания, сондықтан кез келген корпоративтік қайырымдылық туралы ақпаратты жыл сайын өз акционерлеріне ашық түрде ұсынуға міндетті.

  • Жоқ. Бұл шындыққа мүлде жанаспайды.

  • Жоқ. Саяси мәселелер біздің іскерлік шешімдерімізге әсер етпейді. Біз 2003 жылы Израильдегі серіктестігімізді тоқтату туралы шешімді бұл нарықта табысты жұмыс істеуге кедергі келтірген тұрақты қиындықтарға байланысты қабылдадық. Біз бірнеше ай бойы серіктесімізбен келіссөздер жүргіздік және ақырында ортақ келісімге келдік. Бұл шешім екі тарап үшін де оңай болған жоқ, бірақ біз дұрыс қадам жасадық деп сенеміз.

  • Біз 2003 жылы Израиль нарығында табысты жұмыс істеуге кедергі келтірген тұрақты қиындықтарға байланысты серіктестікті тоқтату туралы шешім қабылдадық. Егер болашақта жағдай қолайлы болып, нарықта Starbucks бренді үшін мүмкіндік пайда болса, біз жергілікті серіктеспен бірлесе отырып, өз қызметіміздің жергілікті қауымдастыққа қаншалықты сәйкес келетінін бағалауға тырысамыз. Осылайша, біз болашақ мүмкіндіктерді үнемі бақылауда ұстаймыз. Ал әзірге біз Таяу Шығыстағы жұмысымызды жалғастырамыз, өйткені бұл өңірде брендімізді жылы қабылдайтыны бізді қатты қуантады. Біз Alshaya Group серіктесімізбен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп, осы өңірге арналған ортақ жоспарларды әзірлеп жатырмыз.

  • tarbucks Таяу Шығыста 1999 жылдан бері жұмыс істейді. Біз Кувейттік жеке отбасылық компания — MH Alshaya Co. WLL компаниясымен лицензиялық келісімге қол қойдық. Қазіргі уақытта Alshaya Group, яғни аймақтағы ең ірі және беделді франчайзингтік серіктестердің бірі, Starbucks-тың 1900-ден астам сауда нүктесін басқарады. Бұл нүктелердің географиясы Солтүстік Африкадан Орталық Азияға дейін, соның ішінде Түркия мен Таяу Шығысты да қамтиды. Біз Alshaya Group компаниясымен 20 жылдан астам уақыт бойы табысты ынтымақтастық жасап келе жатқанымызды мақтан тұтамыз және болашақта да бұл серіктестігіміз жемісті болады деп сенеміз.

  • Біз Alshaya Group компаниясымен ынтымақтастықтамыз. Олар Starbucks сауда нүктелерін Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы келесі елдерде басқарады: Бахрейн, Мысыр, Иордания, Кувейт, Ливан, Марокко, Оман, Катар, Сауд Арабиясы, Әзербайжан, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, сондай-ақ Қазақстанда. Біз осындай түрлі қауымдастықтармен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болғанымызға қуаныштымыз. Starbucks қызметтерін ұсына отырып, біз жұмыс істейтін елдердің жергілікті дәстүрлері мен мәдениетін құрметтейміз. Сонымен қатар біз көбіне жергілікті тұрғындарды жұмысқа тартуға тырысамыз, бұл өз кезегінде мыңдаған жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Starbucks жоғары сапалы кофе дәндерін сатып алып, қуыратыны - сөзсіз ақиқат. Бұл – біздің жұмысымыздың негізі, бірақ бұл бүкіл тарих емес.

Starbucks кофеханалары бүкіл әлемдегі кофе сүйер қауым үшін нағыз бағдарға айналды. Неліктен олар әрдайым дәл Starbucks-ты таңдайды? Себебі мұнда оларды әрдайым шынайы қызмет көрсету, жайлы атмосфера және шебер қуырылып, бай дәммен дайындалған тамаша бір шыныаяқ кофе күтеді.
Кофеден де артық

Біз тек кофеге құштар адамдар ғана емеспіз. Starbucks - кофеханаға келу тәжірибесін толық әрі жағымды ететін барлық нәрсені ұсынады. Мұнда сіз премиум шай түрлерін, дәмді пісірмелер мен түрлі жеңіл тағамдарды таба аласыз. Кофеханаларымызда ойналатын музыка ерекше көңіл-күй мен көркемдік сапаға сай мұқият таңдалады. Starbucks-қа адамдар жиі сөйлесу, кездесулер өткізу немесе тіпті жұмыс істеу үшін келеді - бұл мұнда үйреншікті көрініс.
Alshaya Group туралы

Starbucks Таяу Шығыс нарығында 1999 жылы Кувейтте алғашқы дүкенін ашқан сәттен бастап жұмыс істейді және ол әлемдегі Starbucks-тың ең ірі әрі ең алғашқы лицензиялық серіктестерінің бірі - Alshaya Group компаниясы тарапынан басқарылады.

Бүгінде Alshaya Group Түркия, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка (MENA), Қазақстан мен Әзербайжанды қоса алғанда, 13 елдегі 2 000-нан астам Starbucks дүкенін басқарады. Компанияда жасыл алжапқыш киген 21 000 партнерлар жұмыс істейді және олар күн сайын шамамен 1 миллион қонақтарға қызмет көрсетеді.

Alshaya Group - 1890 жылы Кувейтте негізі қаланған серпінді дамып келе жатқан отбасылық компания. Тұрақты өсім мен инновациялар арқасында ол әлемдік брендтердің жетекші франшиза операторларының біріне айналды және тұтынушыларға танымал халықаралық маркалардың кең таңдауын ұсынуда.

Бүгінде Starbucks - кофе сатып алу және қуыру бойынша әлемдегі №1 компания. Біздің дүкендер саны 86 елде 31 000-нан асады. Біз әрбір шыныаяқ кофе арқылы ерекше Starbucks тәжірибесін сыйлауға ұмтыламыз.
Сіз мұны білдіңіз бе?
  • Қазақстанда Reserve деңгейіндегі кофехананы қоса алғанда, үш қалада 38-ден астам кофехана бар.
  • Starbucks Қазақстан кофеханаларында 400-ден астам партнерлар жұмыс істейді, олардың 375-тен астамы жасыл алжапқыш, 50-ден астамы қара алжапқыш киеді.
  • Қазақстандағы Starbucks сусындарының арасындағы бест-селлер - бұл Латте.
  • Сүттің өсімдік негізіндегі баламаларының ішінде ең танымалдары - бадам, соя, кокос және сұлы сүті.
  • Қонақтарымызға танымал тағам позицияларын ұсыну үшін жергілікті кәсіпкерлермен серіктеспіз.
  • Starbucks Қазақстан кофеханаларында шайдың премиум бренді болып табылатын Teavana шайы пайдаланылады.